«Елбасы медалі» иегерлерін құттықтаймыз!

12.05.2022

«Елбасы медалі» ауқымды жастар жобасының дүниеге келуінің бастауында тұру – үлкен жетістік, ал оның қатысушысы болу одан да қызықты!

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері Ахмедиярова Дильназ, Байсенбаева Сания, Фомичева Ольга, Губайдулина Карина, Сабыржан Самира, Кожахметова Асем, Ердаулетова Айтжан, Никонорова Карина, Бербец Светлана, Иванова Елизавета 6 ай бойы «Елбасы медалі» республикалық деңгейдегі бірегей жобаға қатысты.

Жоба барлық қатысушыларға өздеріне сенуге, өз білімдерін тексеруге, өз шеберліктерін көрсетуге, түрлі қызмет салаларында қабілеттері мен таланттарын дамытуға мүмкіндік береді.

Жеңіс жолында біздің қатысушыларымыз уақыттарын нәтижелі өткізді: спортпен шұғылданды, кітап оқыды, волонтерлікпен айналысты, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, қарт адамдарға, кішкентай балаларға көмектесті.

Шын жүректен барлық қатысушыларды жетістіктермен құттықтаймыз және әрқашан жаңа, қызықты идеялар мен асқақ мақсаттарды іске асыруда тілектеспіз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст